• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Сәуір, 2022

Елімізде 300-ге жуық адам көлік жүргізу құқынан айырылды

200 рет
көрсетілді

Жыл басынан бергі санақ бойынша елімізде 2600 көлік апаты, 410 адам өлімі тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, кейінгі 5 жылда көлік апаты жиілеген. Тіпті жол ережесін 178 рет бұзған жүргізуші бар екен.

Тәртіпке бағынбайтындар жауапқа да тартылып жатыр. Бүгінге дейін 74 мыңға жуық көлік жүргізуші жазаланды. 300-ге жуық адам жүргізуші куәлігінен айырылды. Көлікті мас күйінде тізгіндеген 5 мың 700-ге жуық жүргізуші ұсталды.

«Соңғы 5 жыл аралығында жол көлік оқиғасынан жыл сайын 2 мыңнан астам адам көз жұмады. 20 мың адам дене жарақатын алады. Бұл статистика емес адам өмірі. Оған жол бермеу үшін полиция ғана емес қоғам болып жұмыс жасау керекпіз. Жаз басталмай жатып, Қызылорда облысында осындай көлік оқиғасы болды. Мерседес автокөлігінің жүргізушісі велосипедпен келе жатқан баланы қағып кетіп қаза болды», деді Атығай Арыстанов.