• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Сәуір, 2022

Қазақстан мен Италия ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

279 рет
көрсетілді

Білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясында Қазақстан елшісі Ерболат Сембаев Лацио өңірінің Кассино университетіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ректор Марко дель Изолмен және университеттің оқытушылар құрамымен кездесу барысында Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату мәселелері, сондай-ақ қос дипломды білім беруді іске қосу перспективалары талқыланды.

Атап айтқанда, Кассино университеті мен Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Заң факультеттері арасында өзара іс-қимылды жолға қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ректор қазақстандық студенттердің жоғары үлгерімін атап өтті. Ол сондай-ақ техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау шеңберінде басым бағыттар бойынша қазақстандық оқу орындарымен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Е.Сембаев білім беру саласы Жоғары және орта білім беруді жаңғырту бойынша басты басымдықтардың бірі болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар елші профессор оқытушылар құрамы үшін, оның ішінде итальяндық және қазақстандық студенттер үшін сыртқы саяси бастамалар мен жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы таныстыру дәрісін өткізді.

Е.Сембаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтып, қатысушыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды.

Іс-шара соңында Қазақстан елшісі университет кітапханасына Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» және Абайдың «Қара сөздері» кітаптарын сыйға тартты.

Аяна Тоғанбек