• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Сәуір, 2022

Коронавирус жұқтырған 20-дан аса науқастың жағдайы ауыр

288 рет
көрсетілді

13 сәуірдегі жағдай бойынша 1 946 адам (947 КВИ+ және 999 КВИ -) коронавирустық инфекциядан емделуді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Стационарларда 191 пациент, амбулаториялық деңгейде – 1 755 пациент ем қабылдауда.

КВИ+ және КВИ- шалдыққандар арасында: ауыр халде – 22 пациент, аса ауыр халде – 2 пациент, ӨЖЖ аппаратында – 5 пациент жатыр.

13 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қазақстанның барлық өңірлері «жасыл» аймақта орналасқан.

Бұған дейін хабарланғандай, 12 қазақстандық бір тәулік ішінде коронавируспен ауырып, 41 адам сауықты.

Аяна Тоғанбек