• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Тағайындау 13 Сәуір, 2022

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына жаңа басшы келді

606 рет
көрсетілді

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ еншілес компаниясына Мақсұт Хакім Қайыргелдіұлы Бас директор (Басқарма Төрағасы) болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мақсат Хакім Павлодар облысының тумасы. Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша, кейіннен Хьюстон университетінде «Master of Business Administration» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

Еңбек жолын 2003 жылы Chevron халықаралық компаниясының (Хьюстон қ., АҚШ) инженері лауазымында бастады, содан кейін AGIP KKO халықаралық компаниясының (Лондон қ., Ұлыбритания) инженері және үйлестірушісі лауазымында жұмыс істеді. Тоталь компаниясында (Париж қ., Франция) үйлестіруші, коммерциялық директор, ал кейін «Қазақстан-Қытай Құбыр желісі» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының күрделі құрылыс және күрделі жөндеу жөніндегі жөніндегі орынбасары, «ҚазҚұрылысСервис» АҚ даму жөніндегі басшысы, «Лукойл ЛЦА» ЖШС атқарушы директоры лауазымдарын атқарған.

2019-2021 жылдар кезеңінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС Бас директорының кеңесшісі лауазымын атқарды, қазіргі уақытқа дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Хакім Қайыргелдіұлы өз тәжірибесін Қазақстан Республикасының аумағындағы және шетелдегі өндірістік мұнай-газ компанияларында қолданды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның 100%-дық еншілес кәсіпорны. Газдандырылған он бір облыс пен республикалық маңызы бар үш қалада тұтынушыларға табиғи газды жеткізумен, сондай-ақ өткізумен айналысады.