• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Сәуір, 2022

Түрікменстанда коронавирус жоқ болса да карантин күшейтіліп жатыр

293 рет
көрсетілді

Түрікменстан билігі коронавирустың таралуын әлі ресми түрде мойындаған жоқ. Соған қарамастан ел COVID-19-ға қарсы күресті тағы да күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрікменстанның батысында маска тағу режимін сақтау талабы күшейтілді.

«Азаттық» радиосы хабарлауынша, жергілікті билік маска тағу талабын коронавирус, сонымен қатар пневмонияның жаңа толқыны таралуымен түсіндіреді.

Шектеулердің күшеюі, атап айтқанда жақында шетелден келген азаматтардан «дельта-плюс» штаммы анықталуына байланысты.