• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Сәуір, 2022

«Романдия турына» қатысады

262 рет
көрсетілді

Швейцарияда дәстүрлі түрде өтіп тұратын «Романдия турын» ұйымдас­тырушылар 26 сәуірде шымылдығы түрілетін жарысқа қатысушылардың тізімін жариялады.

Аталған көпкүндікке қатысушылар қата­рында Astana Qazaqstan Team клубының да велошабандоздары бар. Біздің команданың намысын қазақстандық Алексей Луценко мен Андрей Зейц, испаниялық Давид Де Ла Крус пен Хавьер Ромо, италиялық Самуэле Баттистелла, Фабио Феллине және Антонио Нибали қорғайды.

«Романдия туры» 1947 жылдан бері ұйым­дас­тырылып келеді. Бұл додада ең көп олжаға кенелген Стивен Роуч. Өткен ғасыр­дың сексенінші жылдары Ирландияның әйгілі спортшысы үш мәрте теңдессіз деп таныл­ды. Қазақстандық велошабандоздар екі рет жүлдегерлер санатынан көрінді. Олар – Андрей Кашечкин мен Александр Вино­куров. Алғашқысы 2007 жылы үздік үштікті қорытындыласа, екіншісі 2011 жылы дәл сол межеден көрінді.