Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім көлік салонынан ұрлық жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
7 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғынының өтініші келіп түсті. Әйел көлігін түнде көпқабатты үйдің ауласындағы тұраққа қойылғанын айтты. Таңертең көліктің салонына біреудің кірген іздерін байқаған. Белгісіз адам есіктің құлпын бұзып, радиостанцияны, банк картасын, ақшаны ұрлады. Шығын мөлшері 30 мың теңгені құрады.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
11 сәуірде криминалдық полиция қызметкерлері – 16 жастағы күдікті жас жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Аяна Тоғанбек