• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2022

Алматыда 9 қабаттан биік тұрғын үй салуға шектеу қойылуы мүмкін

172 рет
көрсетілді

Алматы қаласының жаңа әкімі Ерболат Досаевтың халықпен алғашқы кездесуі Бостандық ауданында өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Досаевтың айтуынша, мамырда қалалық мәслихатқа Бостандық ауданы аумағына 9 қабаттан биік тұрғын үй салуды шектейтін құжат ұсынылады.

Қазір Бостандық ауданында, оның ішінде «Мега центр», «АДК» сауда орталықтарының, бұрынғы жеміс консервілеу комбинатының жанында, сондай-ақ Сәтбаев – Байтұрсынов – Бұқар жырау көшелері – Есентай өзені бөлігінде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

«Құрылыс мәселелерін жүйелі түрде шешу үшін биыл мамырда Абай даңғылының оңтүстігінде Шығыс айналма жолынан Яссауи көшесіне дейін 9 қабаттан биік ғимарат салуды шектейтін жаңа регламент қала мәслихатының бекітуіне ұсынылады, яғни бұл периметрге барлық Бостандық ауданы кіреді», деді Е. Досаев.

Әкімнің айтуынша, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін міндетті түрде салу талаптарын ескеріп, құрылыс салу тәсілдері қайта қаралды.

«Бұрын рұқсат беру кезінде құрылыс салушылардан бұл қатаң талап етілмеген», дейді әкім.