• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Сәуір, 2022

ҰҚШҰ-ға мүше елдер әскери қауіпсіздік мәселесін талқылады

335 рет
көрсетілді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер өкілдері әскери қауіпсіздік мәселелерін ортаға салды. Кездесу бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеңес барысында ұйымның жауапкершілік аймағындағы әскери қауіпсіздік мәселелері мен дағдарысқа ден қою тетіктерін жетілдіру және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштері авиациясының халықаралық ұшуларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Отырысқа Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан Қарулы күштері бас штабтарының бастықтары, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша, тараптар 2022 жылы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын бірлесіп даярлау іс-шараларын өткізу жоспарын мақұлдады.