• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Сәуір, 2022

Филиппиндегі дауылдан қайтыс болғандар саны 115-тен асты

317 рет
көрсетілді

Филиппиндегі «Меги» тропикалық дауылы 115-тен астам адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Филиппиннің табиғи апаттардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі Ұлттық кеңесінің мәліметінше, табиғи апат салдарынан 920 мыңнан астам адам зардап шеккен. 230 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Ресми түрде 150-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен деп саналады. 14 сәуірдегі жағдай бойынша 115 адамның денесі табылды.

Филиппинде «Агатон» тропикалық дауылы ретінде белгілі «Меги» биылғы жылы архипелагтағы ең күшті дауыл болды. Циклон Филиппин теңізіндегі конвекция аймағынан пайда болып, солтүстік-батыстағы Лейте шығанағына қарай жылжи бастады. Желдің максималды жылдамдығы 20,8 м/с, екпіні 29,1 м/с дейін болды.

Қатты дауыл салдарынан нөсер жаңбыр, жаппай су тасқыны мен көшкіндер пайда болды. Болған дауылдан Лейте провинциясындағы Бейбей қаласы қатты зардап шекті. Жойқын дауыл фермерлер мен балық аулайтын елді мекендерді қиратты. Жергілікті биліктің мәліметінше, онда 86-дан астам адам қайтыс болған.

Аяна Тоғанбек