• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Сәуір, 2022

Оңтүстік Африкада су тасқынынан 300-ден астам адам қайтыс болды

463 рет
көрсетілді

Оңтүстік Африкада су тасқыны мен қатты көшкін салдарынан 300-ден астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нөсер жаңбыр Оңтүстік Африканың шығысындағы Дурбан қаласында су тасқынын тудырды. Осыған байланысты елдің негізгі порты қирап, Квазулу-Натал жағалауындағы провинциядағы жолдар да апатқа ұшыраған. Ел билігі ешқандай шара қолдана алмай отыр.

Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу әлі жалғасып жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Оңтүстік Африка республикасының президенті Сирил Рамафоса Дурбан қаласындағы су тасқыны мен көшкіннен зардап шеккен елді мекендерге барып, жағдайды көрді. Квазулу-Натал провинциясы апат аймағы деп жарияланды.

Билік зардап шеккен бірнеше адамға уақытша баспана берді. 

Аяна Тоғанбек