ИИДМ Бірыңғай индустрияландыру картасы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құжатқа сәйкес, 2022 жылы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 91 экономикалық нысанды салу, жаңғырту және пайдалануға беру жоспарланған.
Мысалы тамақ өнеркәсібі, құрылыс, мал шаруашылығы, металлургия, кеңсе тауарлары, қағаз, жиһаз, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар өндірісі, машина жасау кәсіпорындарын салу жоспарлануда.
Құжат 28 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.