Бүгін Алматы мен Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«2022 жылғы 16 сәуірде Алматы, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.
Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.