Ақтауда 12 шағынауданда салынып жатқан Aktau Towers тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақсат Шафатовтың айтуынша, МО ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарымен байланыс пункіне өрт туралы хабар сағат 10:10 минутта түскен.
Құрылыстың бірінші қабаты толықтай жанып кеткен. Жану аумағы - 150 шаршы метр. Ғимараттың жалпы аумағы 21 мың шаршы метр.
- Өрт сөндіруге департаменттен 6 техника, 12 қызметкер жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ, - деді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақсат Шафатов.