• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2010

ОҢТҮСТІК ЕУРОПАҒА САПАР АЯҚТАЛДЫ

681 рет
көрсетілді

14-17 мамыр аралығында ҚР СІМ-інің Жауапты хатшысы Ра­пиль Жошыбаевтың жетек­ші­лі­гін­дегі делегацияның Португалия мен Мальтаға сапары болды, деп ха­барлады СІМ-нің баспасөз қызметі. Лиссабонға сапар мақсаты дипломатиялық паспорт иелеріне визалық талаптарды жою жөнін­дегі қазақстандық-португалиялық келісімнің келіссөздер үдерісін аяқтау, саяси, экономикалық жә­не мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қатынастарды нығайту, сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ны қоса алғанда халықаралық ұй­ымдар форматындағы мәселе­лер­ді талқылау болды. Сонымен қатар, Португалия Сырт­қы істер министрлігінің Мем­лекеттік хатшысымен ке­ліс­сөздер барысында ЕҚЫҰ Сырт­қы істер министрлерінің бейрес­ми кездесуіне дайындық, Порту­га­лия сыртқы істер министрі Луи­ш Амадудың Қазақстанға са­пары және өзге де бірқатар мә­селелер қозғалды. Португалия сыртқы саясат ведомствосының басшылығы біз­дің еліміздің сыртқы саясат және экономикалық жетістіктерімізге жоғары баға берді, Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылықтарын біл­діріп, алдағы уақытта да қазақ­стандық бастамаларға қолдау көрсете беретіндіктерін жеткізді. СІМ делегациясының Оңтүс­тік Еуропа елдеріне жасаған сапа­ры 17 мамыр күні Мальта аста­на­сы – Валлеттеде жалғасты. Онда ҚР СІМ-інің Жауап­ты хат­шысы Рапиль Жошыбаев Мальта СІМ-інің Хаттама және консул­дық қызмет департамен­тінің бас директоры Джоанна Пи­­зани ханыммен келіссөздер жүр­гізді. Тараптар түрлі салалар­дағы екі­жақты мәселелерді тал­қылады, со­ның ішінде консулдық өзара ық­палдастық саласы да назардан тыс қалған жоқ. Мальта тарапы екіжақты бай­ланыстардың дамып келе жат­қа­нын ескере отырып, қазақстан­­дық дипломатиялық паспорттар­дың иелерін визалық талаптардан босату жөнінде Мальта үкіметі тиісті шешім қабылдағаны туралы хабардар етті. Өз кезегінде Р. Жо­шыбаев әріптесіне достық ниеті үшін алғысын білдіріп, Қазақстан да мемлекеттік ішкі процеду­раларды аяқтаған соң мальталық дипломатиялық пас­порт­тардың иелеріне тиісті тәртіп орната­тындығын атап өтті. Қорытындысында қазақстан­дық дипломат Мальтада ҚР Құр­метті консулын тағайындау ниеті бар екендігін жеткізді. Атал­ған ша­ра қазақстандық-маль­талық қарым-қатынастың барлық ба­ғы­тын, әсі­ресе, сауда-экономика са­ла­сын едәу­ір белсенділендіретіні күмәнсіз.