• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Сәуір, 2022

Оңтүстік Африкада су тасқынынан 443 адам қайтыс болды

334 рет
көрсетілді

Оңтүстік Африканың Квазулу-Натал провинциясында су тасқыны болды. Оның салдарынан 443 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құтқарушылар қаза болғандардың тізімі әлі де көбейетінін айтты. Себебі ондаған адам хабар-ошарсыз, жоқ болып кеткен.

Бір апта бұрын басталған  нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны пайда болды. Су ағындары үйлерді басып, көліктерді бұзып, көптеген инфрақұрылым нысандарын қиратты. Билік келтірілген залалды 684 миллион долларға бағалайды.

Оңтүстік Африка Республикасының президенті қайғылы жағдайға байланысты Сауд Арабиясына жұмыс сапарын кейінге қалдырды.

Аяна Тоғанбек