• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Сәуір, 2022

Алдағы үш тәулікте елімізде күн суытады

687 рет
көрсетілді

Синоптиктер 19-21 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алдағы үш күнде күн күркіреп, жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Өткен түнде республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болған солтүстік-батыс антициклоны әлі де өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытта жылжып, елдің орталығы мен шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуіне әкеледі: түнде 3 аязға дейін - 5 жылу, күндіз 5-15 жылыға дейін, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20-ға дейін жылы болады.