• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2022

Ақтөбеде коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді

358 рет
көрсетілді

Ақтөбеде жылу, су және кәріз тарифтері төмендеді. Халыққа осы қызметтерді ұсынатын компанияның қызметін прокурорлар монополияға қарсы ведомство қызметкерлерімен бірлесіп тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тексеріс барысында бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, қызмет көрсетуші компания тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаға сай тиісті шара атқармаған. Нәтижесінде 890 млн теңгенің олқылығы белгілі болды. Мұндай заң бұзушылыққа жол берген мекемеге ірі көлемде айыппұл салынды.«Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша осы жылдың 1 қаңтарынан бастап, бір жыл мерзімге уақытша өтемдік тариф төмендету арқылы енгізілді. Осылайша тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтері бойынша тариф 2,16%-ке, су бұру 0,37%-ке және жылумен жабдықтау 4,31%-ке төмендеді», деді Нұр-Сұлтан ауданы прокуратурасының бөлім басшысы Жәнібек Еспанов.

Аяна Тоғанбек