Нұр-Сұлтанда мас ер адам қоғамдық көліктің терезелерін апат кезінде қолданатын балғамен сындырып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға 17 сәуірде болған.
«Жолаушы мас күйінде авариялық балғамен №7 бағдардағы электр автобусының терезелерін сындырды. Полиция қызметкерлері жанжал шығарған жолуашыны ұстады. Мән-жайлар анықталуда. Осы жағдайға байланысты автобус желіде жүрудің орнына, қажетті қосалқы бөлшектерді сатып алу және оны ауыстыру үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр», деп жазылған елордадағы жолаушылар тасымалына жауапты компанияның хабарламасында.