• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Сәуір, 2022

Прокурор Алматылық атқышты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

218 рет
көрсетілді

Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың ісі Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот отырысында прокурор Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Еске салайық, былтыр 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі, 1967 жылы туған азамат, оқ атты.

Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды. Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында – 5, екіншісінде 2 бала қалды. Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Банк ЦентрКредит» АҚ іс бойынша қажетті барлық құжат ұсынылатынын және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.