Мали Ресейден әскери техниканың екінші партиясын алды, деп хабарлады Egemen.kz Батыс Африка елінің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Модибо Кейта халықаралық әуежайында Мали билігі терроризмге қарсы күрестегі әскери ынтымақтастық аясында Ресейден келген әскери техниканың екінші партиясын қабылдады.
Техниканың екінші партиясы екі жауынгерлік тікұшақ пен радиолокациялық құрылғыдан тұрады.
Айта кетсек, 2021 жылдың қазан айында Ресейден Малиге төрт Ми-171 тікұшағы, қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізілген.