Қостанайда ер адам «Бүркіт» базарынан жаңа туған қыздың денесін тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz
«19 сәуірде сағат 17:00 шамасында «Бүркіт» базарының аумағында 37 жастағы ер адам жаңа туған сәбидің денесін (пакеттен) тауып алды», деп мәлімдеді Қостанай облысының Полиция департаменті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабында жазылған «жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.
Полиция халыққа осы факт бойынша белгілі ақпаратты хабарлауды сұрады.
Аяна Тоғанбек