• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 20 Сәуір, 2022

Халықаралық міндеттемелер орындалады

548 рет
көрсетілді

Елімізде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – адам құқығының сақталуын қамтамасыз ету.

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Рес­пуб­ликасының адам құқықтары сала­сындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды, оны іске асыру үшін Үкімет бірін­ші кезектегі шаралар жос­парын бекітті. Бұл құжаттың қа­былдануын ха­лықаралық қа­уым­дастық оң баға­ла­ды. Оның ішінде діни заңнаманы ырық­­тандыру, өлім жазасын жою, әйел­дер­ге қатысты саясат, құқық қорғау және сот жүйелерін жетілдіру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалатын жағдайлар ерекше атап өтіл­ді. Адам құ­қық­тары саласындағы іс-қи­мыл жоспарларын кеңейту бо­йын­ша қосымша шаралар қа­былдау үшін Мемлекет басшысы жақында «Қа­зақстан Рес­пуб­ликасының адам құқық­та­ры сала­сын­дағы одан әрі шаралары туралы» 2021 жыл­ғы Жарлығына өз­ге­ріс пен то­лық­ты­ру енгізу тура­лы шешім қа­был­­дады.

Осыған сәйкес Үкіметке адам құ­­қық­­тары мен құқық үс­тем­­дігі саласында шаралар жос­парын бекіту тапсырыл­ды. Оған әйелдерге қатысты кем­сіту­ші­лік­ті жоюды, мүгедек адам­дар­ға қа­тысты адам құқықтарын, мигранттар мен азаматтығы жоқ адамдарды және босқындардың құқығын қор­ғау, қылмыстық сот төрелігі сала­сында жазаны орындау және азаптау мен қатыгездіктің алдын алу, адам саудасы құрбандарының құқық­та­рын қамтамасыз ету, БҰҰ органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетіл­ді­ру тәрізді тапсырмалар берілді. Бай­қа­ға­ны­­мыздай, адам құқықтарын қор­ғау – Қазақстанның сая­си күн тәртібіндегі басым бағыт­тар­дың бірі.

31 наурыз күні Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы Президентінің жанын­дағы Адам құқықтары жөнін­дегі комиссияның елі­міздің құқық қор­ғау орган­да­рының қызметінде адам құқы­ғын сақтаудың өзекті мәсе­ле­ле­ріне арналған отырысы өтті. Онда қылмыстық процестің бастапқы са­ты­ларында, сондай-ақ Мем­лекет бас­­шысының Жол­да­уында ай­тыл­ған нұсқау­лар­ды ескере отырып, жабық мекемелерде азаптаудың алдын алу және толығымен жою мәселесі сөз болды.

Мемлекет басшысының бұл Жар­лыққа қол қоюы еліміздің саясаты жалпыға бірдей халық­ара­лық стан­­дарт­тарға сәйкес аза­маттардың құ­қы­ғы мен бос­тан­­дығын қорғау жөнін­де­гі мін­дет­те­мелерді іске асы­ру­ға бағыт­тал­ғанын анық көрсе­те­ді.

 

Игорь РОГОВ,

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы