• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2014

Мәскеу полицейі 160 мың рубль параны жұтып қоймақ болды

314 рет
көрсетілді

Мәскеуде қылмыстық іздеу бөлімінің капитаны пара алып жатқан жерінен қолға түсіп, 160 мың рубльді жұтып қоймақшы болды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. Аталған оқиға былайша орын алған. Қылмыстық іздеу бөлімінің капитаны өз автокөлігі ішінде 160 мың рубль көлеміндегі параны жұтып жіберуге әрекеттенген. Сол сәтте оның ізін аңдыған полицейлер көліктің терезесін сындырып, оның қолындағы 160 мың рубльді алып үлгерді.Қазіргі уақытта капитанның ісі прокуратураға жіберілді. Мәскеу полициясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, капитанның ісі тексеруден өткен соң ол полиция қатарынан шығарылады. Осыған ұқсас оқиға 2011 жылы Саратов қаласында да орын алған еді. Ол кезде құқық қорғау қызметкері 15 мың рубль парамен қолға түскен. Алайда, ақшаның көлемі аз болғандықтан ол оны жұтып үлгерген. Тәртіп сақшысының кінәсін дәлелдейтін айғақ заттар болмаса да сот оны жауапкершілікке тартты. Оған 600 мың рубль көлемінде айыппұл салынды. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Lenta.ru. Фото: Metronews.ru.