• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Сәуір, 2022

Оқшауланудан – ортаға

152 рет
көрсетілді

Әлеуметтік жобаның мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, мүмкіндігі шектеулі жан­дарға толерантты қарым-қатынасты қалып­тастыру, қоғамда әлсіз топтардағы аза­мат­тар­ды кемсіту деңгейін төмендету, мүге­дектігі бар қазақстандықтардың тең­дігі, мүмкіндіктері бо­йынша диалогты ұйым­дастыру, деп хабарлайды Азаматтық бас­тамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтар аяушылық, дұшпандық немесе агрессия сияқты теріс реакциялармен жиі соқтығысады.

«Қазірдің өзінде біз мүгедектігі бар ересек адамдардың бала кезінде кемсітушілік фактілерін бастан кешіргенін жиі байқаймыз. Олар қоғамнан оқшауланады, олардың әлеуметтік байланыстары бұзылады. Әлеуметтік оқшаулау процесі жүреді. Иә, олар мемлекеттен жәрдемақы алғанымен, үйде отырады, қарым-қатынас орнатқан ортасы тар», деді «Қорған-М» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Диана Қырғызбаева жобаны таныстыру барысында.

Спикердің айтуынша, биыл олар инклюзивті қоғам құру мәселелері бойынша жұмыс істейтін мамандарға арнайы семинар-тренингтер өткізеді. Сондай-ақ эмоционалды қиындықтарды жеңуде мүмкіндігі шектеулі адамдарға кәсіби қолдау көрсететін психологтер білім алады.

Қоғам белсенділерінің пікіріне сүйенсек, егер ата-аналар балаларына жанашырлық танытуды үйрет­се, мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсіту оқиға­лары­ның орын алуын тоқтатуға болады.

«Барлығы отбасынан басталады. Сондықтан инклю­­зивтік тәрбиеге ерте жастан ерекше назар аудару керек. Атап айтқанда, біздің ұйымның қызметкерлері бала­бақшалар мен жалпы білім беретін мектептердің төменгі сынып оқушылары үшін инклюзивті білім беру­мен айналысады. Мұндай балалар өскен кез­де мүгедек адамдарға қатысты кемсітушілік әрекет­тер­ге жол бермейтініне сенімдімін», деді Диана Қыр­ғызбаева.

Ұйымдастырушылар өзекті мәселелерді талқылау мақсатында диалог алаңын өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жоба аясында жас қазақстандықтар үшін семинарлар өткізіліп, онда «тең-теңімен» қағи­даты бойынша инклюзивті қоғам құру туралы айты­лады. Грант жобасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.