Қазақстан мен Ресей темір жол әкімшіліктері арасындағы екіжақты уағдаластық негізінде 2022 жылы 20 сәуірден бастап «Атырау – Астрахань» қатынасындағы №625/626 халықаралық жолаушылар пойызы қатынайды. Құрам ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап жұп күндері, ал Астраханьнан Атырауға - 2022 жылдың 21 сәуірінен тақ күндері күнара жиілігімен жөнелтіледі.
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдер алдында жолаушылардан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің сайтында орналастырылған карантиндік шектеулер кезеңінде елдің Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінің талаптарын мұқият оқып шығу және сақтау керек.
Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге темір жол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы міндетті. Бұл берілген күннен бастап 72 сағаттан аспауы тиіс. Немесе коронавирус індетіне қарсы екпе алғаны және ревакциналаудың толық курсынан өткені туралы паспорт ұсыну қажет (соңғы мөлшерін алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзім). Еске сала кетейік, бұл Қазақстан Республикасы ведомствоаралық комиссиясының шешімі. Егер жолаушыда ПТР тестінің нәтижелері немесе COVID-19 вакцинациясының паспорты болмаса, онда ол вагонға отырғыуға жіберілмейді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ өз жолаушыларына адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде кию тәртібін сақтауға кеңес береді. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz. сайтынан алуға болады.