Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Болжамға сәйкес, 22 сәуірден бастап, елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклоны келе бастайды. Ол өзімен бірге таза арктикалық ауаны ала келеді.
«Жаңбырдың соңы қарға айналып, түнде ауа температурасы 3-8 градус аязға дейін төмендейді. Елдің батысы мен шығысында қатты жаңбыр, шығыста жауын қарға айналады. Бірақ оңтүстік өңірлерде қалыпты ауа райы сақталады. Бұның себебі - оңтүстік ауа массалары. Бұл аймақтарда найзағай болып, қысқа мерзімге жаңбыр жауса да, жоғары температура фоны сақталады», делінген хабарламада.