• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 20 Сәуір, 2022

Елордада Кешенді көлік схемасының тұжырымдамасы қабылданды

473 рет
көрсетілді

Бұл туралы қалалық мәслихат отырысында «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қаланың бас жоспарында көліктік даму бөлімі бар, бірақ уақыт талабы мен урбанизацияны, жаңа сын-тегеуріндерді ескере отырып, егжей-тегжейін (көлік-ауысып отыру тораптары, бұрылу алаңдары, жаяу жүргіншілер, бағдаршамдар және т.б.) жазып, кешенді көлік схемасының дамуын жеке бөліп көрсету қажет. Әлемдік тәжірибеде қалалық және көліктік жоспарлау қала құрылысының өзара тәуелді элементтері болып табылады», деді Бекмырза Игенбердинов.

Сонымен қатар көлік компаниясының басшысы қалалық көлікті басқаратын ұйымдар арасындағы үйлестіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

«Бұдан басқа, магистралды көшелер мен өзен арқылы өтетін қосылым санын арттыру қажет. Тұрғын кварталдардың құрылысын көліктік қолжетімділікті ескере отырып жоспарлау қажет. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қалалық көлікті басқару саласындағы стратегиялық құжат – кешенді көлік схемасын жасау ең дұрыс шешім болады», деп қосты Бекмырза Игенбердинов.

Кешенді көлік схемасы қалада қалалық көлікті ұйымдастыру мен басқаруға қатысты қолданыстағы құқықтық жүйедегі олқылықтар мен қайшылықтарды анықтайды, жер пайдалану мен қалалық көлікті жоспарлауды, қалалық көлік саласына тартылған органдардың функциялары мен өкілеттіктерін біріктіреді. Бұдан басқа, қоғамдық көлік, жол-көлік инфрақұрылымы, жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік ағындарын басқару, тұрақ кеңістігі салаларындағы проблемаларды шешуді ұсынады.

Қалалық мәслихат Кешенді көлік схемасының тұжырымдамасын бекітті. Үкіметпен және ҚР ИИДМ-мен бірлесіп қаржыландыру көздері келісіліп, бұдан әрі ККС іске асыру үшін алынатын болады.