• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Сәуір, 2022

Жамбылдағы жарылыста жоғалған сарбазды қаза тапты деп тану ұсынылды

282 рет
көрсетілді

Мәжіліс отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалып кеткен әскери қызметші жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен оның ата-анасымен кездестім. Қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты іздеуді уақытша тоқтаттық. Біз қазір утилизация жұмыстарын бастадық. Сәйкесінше осы «әскери қызметшінің сүйегін» деп айтқым келмейді, жалпы іздестіру жұмыстары жалғасуда. Ол тіпті жарылыстың эпицентрінде болса да, ештеңе қалмауы мүмкін емес қой. Қандай да бір нәтиже шықса, хабарлаймыз», деді Р. Жақсылықов.

Министр оның отбасына балаларын хабар-ошарсыз мерт болды деп тануды ұсынғанын айтқан. 

«Сонда әлеуметтік төлемдер берілер еді. Қарулы Күштер тарапынан төлемдер болар еді. Бірақ отбасын да жақсы түсінеміз және іздеуді жалғастырамыз. Іздеу жұмыстарын бізбен қатар ішкі істер органдары да жүргізіп жатыр», деді Р. Жақсылықов.

Еске салсақ, 26 тамыз күні Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасы жарылған еді.