Таразда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«19 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы «Немқұрайлылық» бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы УҰИ-ға қамауға алынды», делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
15 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қайдар Қарақұловты қызметінен босатқаны белгілі болды.
Еске сала кетсек, 2021 жылғы 26 тамызда Тараз маңындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды. Оқиға салдарынан 17 адам қаза тапты.