• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2022

Тазалық өз аулаңнан басталады

687 рет
көрсетілді

Күн нұрын төге бастап еді, павлодарлықтар ауласын қоқыс­тан тазартуға көшті. Ешкімді мәжбүрлеу жоқ. Тұрғын­дар әндетіп жүріп, шаруасын тындырып жатыр. Жуық­та облыс орта­лығында Jasyl Cross-2022 экомарафоны ұйымдас­ты­рылды. Қатысушылар белгілі бір қашықтықты жүгіріп өтіп, Усолка жағасындағы қалдықтарды жинады.

Экологиялық шарада об­лыс басшылығы да төбе көр­сетті. Өңір басшысы Әбіл­қайыр Сқақов қала жастары­мен бірге өзен жағалауын таза­лауға қатысты. Jasyl Cross эко­ло­гия­лық марафоны 2018 жыл­­дан бері тұрақты түрде өт­кі­зіліп жүр. Мұнда плоггинге мән бе­ріледі. Яғни қаты­су­шылар жү­гіріп жүріп, белгілі бір аумақта қо­қыс жинайды. Ең көп қоқыс жи­наған адам жеңімпаз деп танылады.

– Тазалық пен тәртіп – кез келген қаланың табысты дамуының кепілі. Бұл жағынан Павлодар басқаларға үлгі болуға тиіс. Эко­марафон бір реттік акция емес, оны жиі өткізу керек. Бұл ден­саулыққа да, табиғатқа да пайдалы, – деді облыс әкімі.

Ә.Сқақов Ткачев көшесінде орналасқан №3, 5, 5/1 мекенжайларында орналасқан көпқабатты баспаналардың тұрғындарымен кездесіп, сенбілікке жәрдемдесті. «Вера ПВ» ЖШС басшысы Евгения Шквираның айтуынша, ауланы тазалау – осы үйлердің тұр­ғындары үшін бұрыннан қалып­тасқан дәстүр. Балалар да тазалық сақтауға дағдыланған.

Белгілі болғандай, үш үйдің тұрғындары мүлік иелерінің бір­лестігі немесе қарапайым се­рік­тестік түріндегі үйді бас­қа­­рудың жаңа формаларына кө­шуге дайындалып жатыр. Евгения Шквираның айтуынша, тұрғындар өздерінің пәтерлері үшін ғана емес, жалпы үй үшін де жауапты екенін түсінеді. Іске сәт!