• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 21 Сәуір, 2022

Биыл жалған ақша жасау бойынша 12 факті анықталды

403 рет
көрсетілді

Биыл жалған ақша жасау фактілері бойынша 12 іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Оның ішінде 7 жағдай Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстанда 2 және Маңғыстау облысында 2 жағдай, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тағы бір фактіден тіркелді.

Қабылданған шаралар жалған банкноттардың сатылуына жол бермеді. Олардың жалпы саны 67 мың АҚШ доллары саналатын 1200 данадан асады. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласында жалған шетел валютасын сақтау және сатумен айналысқан тұлғалар ұсталды.

Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 55 700 АҚШ доллар, номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын 1114 жалған банкнот тәркіленді.

Тергеу нәтижесі сотқа жіберілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.