• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Сәуір, 2022

Қазақ тілін оқыту бойынша мәселелер талқыланды

381 рет
көрсетілді

Бүгін «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төралқа отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыста қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, оның əлеуметтік ахуалына қоғамдық бақылау орнату және мемлекеттік тіл арқылы ұлттың рухани-мəдени болмысын насихаттау, тілдік ресурстарды жетілдіру, сондай-ақ қазақ тілін оқыту бойынша мәселелер талқыланды.

Жиын соңында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен  «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты –  білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, шетелдердегі қазақ мектептерінің педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру.

Іс-шараға Білім және ғылым вице-министрі Ғани Бейсембаев, Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Берік Әбдіғалиұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы президентінің міндетін атқарушы Мадина Тыныбаева, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, ҚР Тұтынушылардың Құқығын Қорғау коалициясының төрағасы, Білім және инновация Ұлттық палатасы Кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов және Парламент депутаттары, қоғам белсенділері мен тіл жанашырлары қатысты.