Павлодар облысының Ақсу ауылдық аймағының Ильюшка өзенінде балық қырылды. Оған су айдындарында мұздың қатып қалуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы жануарлар дүниесі бөлімінің басшысы Жасұлан Жұмашевтың айтуынша, Ильюшка өзенінің тереңдігі – 1,5-2 метр.
– Өзен тұтастай қатып қалмаған, белгілі бір жерлерді мұз басқан. Сол жерлерде балықтар өліп қалған. Ильюшкадан 25 кг шортан аулап, көмдік. Сондай-ақ резервуардан зиянды заттар, ауыр металдар мен химиялық заттар үшін сынама алынды, – деді Жасұлан Жұмашев.