• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Сәуір, 2022

Алдағы үш күнде күн суытады

218 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» 23-25 сәуір аралығындағы ауа райына болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері еліміздің солтүстік өңірлері солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, бұл жауын-шашынның тоқтауына ықпал етеді. Алайда түнгі ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

«Ал циклонның Жерорта теңізі аймағынан ығысуы республиканың қалған аумағының жауын-шашынды болуына септігін тигізеді. Тіпті кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Елдің шығысы мен орталығында жаңбыр жауып, қар ұшқындайды деп күтілуде. Тұман, көктайғақ болуы да ықтимал», деп жазды ведомство.

Еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, қатты жел соғады. 25 сәуірге қарай елдің басым бөлігінде (оңтүстік өңірлерді қоспағанда), соның ішінде солтүстікте 10-18 градусқа дейін, ал батыста 20-25 градусқа дейін күндізгі ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.