• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Өнер 22 Сәуір, 2022

Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына орай күй байқауы өтеді

811 рет
көрсетілді

Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына орай Алматы мен Шымкентте республикалық деңгейде айтыс және күй байқауын өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойын атап өту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөніндегі басқасудан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы ақпараттарға қарағанда, мерейтойлық шаралар аясында өңірлерде ғалым есімін есте қалдыру, шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында конференциялар, кітап көрмелері, ғылыми жобалар сайысы, әдеби кеш сияқты іс-шаралар жыл басынан бастау алып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Ақселеу Сейдімбек этнограф, жазушы, саналы ғұмырын қазақтың ауызекі тарихын, халқымыздың өнегелі салты мен шежіресін зерттеуге арнаған тұлға ретінде белгілі.

Осы ретте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдарға біртуар тұлғаның мұрасын өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде кеңінен пайдалануға басты назар аударуды тапсырды.

Сондай-ақ, жиналыс қорытындысы бойынша республикалық деңгейдегі іс шарларды күшейту туралы тапсырмалар берілді.

«Осы бағытта Алматы, Шымкент қалаларының республикалық деңгейде күй байқауын, айтыс өткізу жөніндегі нақты ұсыныстары қолдау тапты», делінген хабарламада.