Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді», деп хабарлады ведомстводан.
Еске салсақ, ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады. Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған.