2013 жылғы 21 қараша Астана қаласы
Шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуларына, сондай-ақ әуе кемелерінің халықаралық ұшулармен шет мемлекеттердің әскери құрылымдарын, қарулары мен әскери техникаларын тасымалдауға ашық әуежайларды анықтау туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуларына, сондай-ақ әуе кемелерінің халықаралық ұшуларымен әскери құрылымдарын, қарулары мен әскери техникаларын тасымалдауға ашық әуежайлар анықталсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден соң, бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпарттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;
4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы көлік Және коммуникация
Министрінің міндетін атқарушы С. САРСЕНОВ.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының
2013 жылғы 21 қарашадағы №926 бұйрығымен бекітілген
Шет мемлекеттерінің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуларына, сондай-ақ әуе кемелерінің халықаралық ұшулармен шетел мемлекеттердің әскери құрылымдарын, қарулары мен әскери техникаларын тасымалдауға ашық әуежайлары
рр/с
Әуежайлардың
атауы
Орналасқан
жері
1
«Халықаралық Ақтөбе әуежайы»
акционерлік қоғамы
Ақтөбе қ.
2
«Халықаралық Атырау әуежайы» акционерлік қоғамы
Атырау қ.
3
«Халықаралық Ақтау әуежайы» акционерлік қоғамы
Ақтау қ.
4
«Сары-Арқа әуежайы» АҚ
акционерлік қоғамы
Қарағанды қ.
5
«Шымкент әуежайы» АҚ
акционерлік қоғамы
Шымкент қ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 28 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тізілімінде № 9039 болып енгізілді.