• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Сәуір, 2022

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінен 5 медаль жеңіп алды

263 рет
көрсетілді

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінен бір алтын, үш күміс және бір қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

23-24 сәуір күндері Польшаның Познань қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Аталған бәсекеге дзюдодан Қазақстан жастар құрама командасы қатысты. 

Ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар тізімі келесідей: 

Алтын - Мерей Марханбетов (60 келі)

Күміс - Нұрқанат Серікбаев (60 келі)

Күміс - Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі)

Күміс - Жұрқамырза Шүкірбеков (-100 келі)

Қола - Нұрсұлтан Жұбатқан (60 келі)

Аяна Тоғанбек