• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2022

Атбасар тұрғыны үйінде криптовалюта шығарумен айналысқан

281 рет
көрсетілді

Атбасар тұрғыны үйінде криптовалюта шығарумен айналысқан. Бұл туралы «Құқықтық тәртіп» алдын алу шарасы барысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы сәуірдің 24-інде Атбасар аудандық Полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Атбасар қаласының 29 жастағы тұрғынының үйінен криптовалюта жасайтын жабдықтарды тапты. Оның ішінде 2 дана жұмыс істеп тұрған айтмайнер арнайы жабдығы, сондай-ақ, айтмайнерге қажетті 9 дана жабдық және өзге де қосалқы техникалар бар.

«Табылған жабдықтардың иесі бағдарламашы – 29 жастағы жергілікті тұрғын. Ер адамның үйінде криптовалюта жасап келе жатқандығына 3 ай болған. Қазіргі кезде, осыған байланысты іс материалдары мемлекеттік кірістер басқармасына әкімшілік хаттама толтыру үшін жолданды», деді ведомстводан.

Айта кетсек, қызметтің осы түрі (майнинг) бойынша 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасында төлемақы (цифрлық майнинг үшін төлемақы) алынады.