• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Сәуір, 2022

Баспанасы барлар да үй кезегінде тұрған

336 рет
көрсетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тұрғын үй кезегінде тұрған 46 азаматтың өтінімі кері қайтарылды. Себебі олардың аттарына тіркелген жылжымайтын мүлкі бар. Ереже бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың атында жылжымайтын мүлік болмауы тиіс», деді Ләззат Ибрагимова. 

Спикердің айтуынша жергілікті әкімдіктер азаматтарды тексермей, үй кезегіне қоя берген. Сонымен қатар 52 адамның салық бойынша қарызы болса, тағы 46 адамның басқа банктер алдында қарызы бар. 

«Қазір бұл мәселені шешудің заңды тетіктерін қарастырып жатырмыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тиісті заңнаманың жобасын әзірледі. Құжат Мәжіліске жіберілді. Бұл Қазақстанда алғаш қолға алынып отырған жоба. Яғни, мемлекеттен субсидия алу үшін арнайы есепшот болуы керек. Ол есепшотқа түскен қаржыны басқа банк клиенттің қарызы есебінен шешіп алмауы тиіс. Азаматтың салық бойынша қарызы болса да, мемлекеттің жеңілдігін пайдалану құқығы бар», дейді спикер.