Қазақстанда өткен тәулікте 8 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласында 1, Алматы қаласында 4, Алматы облысында 1, Шығыс Қазақстан облысында 1, Павлодар облысында 1 адамнан инфекция анықталған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны — 1305473 адам.
Сондай-ақ Қазақстанда 12 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласында 1, Алматы қаласында 5, Алматы облысында 2, Атырау облысында 1, Шығыс Қазақстан облысында 1, Батыс Қазақстан облысында 1, Қостанай облысында 1 адам аталған инфекциядан жазылған.
Елімізде осымен барлығы 1 291 009 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.