Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 480 188 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 234 609 адам салдырған.
Сондай-ақ «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 046 638 адам, ІІ-ші дозасын 896 730 адам салдырған.
Оның ішінде: І-ші компонентін 817 207 жасөспірім, 37 830 жүкті әйел, 135 186 бала емізетін әйел салдырған.
ІІ-ші компонентін 740 597 жасөспірім, 32 498 жүкті әйел, 117 794 бала емізетін әйел салдырған.