• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Сәуір, 2014

Тәртіп сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын болып шықты

230 рет
көрсетілді

Бүгін, 10 сәуір күні еліміздегі күш және тәртіп құралдарының қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын тексеруге арналған республикалық жиын өткізілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ауқымы жағынан теңдессіз бұл жиын еліміздің 12 облысы мен Алматы қаласында бір мезгілде жүргізілді. Жиынға Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдары мен ішкі істер әскери қызметкерлерінен бөлек, Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт қызметі мен басқа да бөлімшелерінің, көлік және басқа да органдардың қызметкерлері, Қарулы күштер әскери қызметкерлері қатысты. Жиынды Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров басқарды. Оның жүру барысын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бақылады. Жиын өзінің мақсатына жетті, мемлекеттік органдардың өзара бірлескен іс қимылы пысықталып, полицейлер мен апатты-құтқару қызметінің техникамен жарақтандырылу жайы, олардың жұмыстарындағы дағдылар, сондай-ақ күштер мен құралдарды бекітілген нормативті мерзім шеңберінде басқа жақтарға ауыстыру жөніндегі әрекеттердің жүзеге асырылу деңгейі тексерілді. Жиын біткеннен кейін барлық күштер мен құралдар өздерінің тұрақты орындарына қайтарылды. Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Ішкі істер министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың жиын барысындағы іс-қимылына тұтастай алғанда оң баға берді. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.    
Соңғы жаңалықтар