• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Сәуір, 2014

АҚШ-та дін қызметшісі жасанды картиналарды сатпақ болды

272 рет
көрсетілді

АҚШ-та Кевин Сазерленд есімді дін қызметшісіне әйгілі ағылшын суретшісі Дэмиен Херст картиналарының көшірмелерін сатпақ болған деген айып тағылды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. Полиция дерегі бойынша, Флорида штатындағы шағын протестанттық шіркеуде қызмет ететін К.Сазерленд жасанды картиналарды калифорниялық Винсент Лопретодан сатып алған. Алғашында ол көшірмелерді аукционға шығармақшы болған. Алайда, аукцион үйінің мамандары картиналардың түпнұсқа емес екеніне көз жеткізіп, оларды сатылымға шығарудан бас тартыпты. Осыдан кейін полиция арнайы операция жүргізіп, дін қызметшісін қылмыс үстінде қолға түсірді. Ол жасанды картиналарды185 мың долларға сатуға әрекеттенген. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Lenta.ru. Фото: Mainpeople.ua.