• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2022

ШҚО тұрғыны қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны анықталды

378 рет
көрсетілді

ШҚО тұрғыны үйінде тіркелмеген қару мен оқ-дәрілер сақтаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Наурыз айының соңында Ұлан аудандық сотының тергеу судьясының санкциясымен Таврия ауылының 34 жастағы тұрғынының үйіне тінту жүргізу кезінде, одан мылтық пен әртүрлі калибрлі патрондарға ұқсас зат табылды.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген қару 1962 жылы Тула қару-жарақ зауытында шығарылған 5,6 мм калибрлі «ТОЗ-16» мылтығы екенін көрсетті. Сондай-ақ олардың ішінде 5,6 мм калибрлі 33 патрон, 16 калибрлі 10  патрон және 12 калибрлі бір патрон табылды.

Тексеру кезінде полицейлер ер адамның қару иесі ретінде тіркелмегенін анықтаған. Сондай-ақ арнайы базадан тексеру кезінде бұл мылтық тіркелген және қылмыстық қару базасында болмаған.

Ұлан аудандық ПБ тәртіп сақшылары күдіктіні полиция бөліміне жеткізді.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Аяна Тоғанбек