• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2022

Қызылордада төрт жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

298 рет
көрсетілді

Қызылордада көпқабатты үйдің үшінші қабатынан төрт жастағы бала құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Желтоқсан көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

«Негізінен, мұндай жағдай бала қадағалаусыз қалуы себепті болады. Салдарынан былтыр 10 бала терезе және балконнан құлап кеткен. Оның 2-еуі көз жұмды. Биыл мұндай бір жағдай тіркеліп отыр. Мұндай оқиғаның туындауына ата-ананың баланы бақылаусыз қалдыруы, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы себепші. Кейбір азаматтар балалардың терезе алдында ойнауына назар аудара бермейді», деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, қаладағы көпбалалы және жалғызбасты 7 отбасыға 10 шектеу құрылғысы (блокиратор) орнатылған.

Аяна Тоғанбек