• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Сәуір, 2022

Нұр-Сұлтанда алаяқтық жасаған 19 жастағы банк қызметкері ұсталды

198 рет
көрсетілді

Елордада алаяқтық жасаған 19 жастағы банк қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz мәліметінше, биыл 28 қаңтарда Қарағанды қаласы полиция департаменті Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 50 жастағы тұрғыннан арыз түскен.

«Жәбірленуші өзінің жеке деректерін белгісіз біреу пайдаланып, оның атына 2,1 млн теңге несие ресімдегенін айтқан. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушінің атына кредит Нұр-Сұлтандағы банктердің бірінде рәсімделгені белгілі болды», деп жазылған хабарламада.

Полицейлер бұл қылмысқа өтініш берушінің деректеріне қол жеткізген адамның қатысы бар деп қорытынды жасаған.

«20 сәуірде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері елордада 19 жастағы тұрғынды ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Күдікті жәбірленушіге кредит рәсімделген қаржы мекемесінің менеджері екені белгілі болды», деп жазылған хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталған банк қызметкерінің тағы да осындай 18 қылмысқа қатысы барын анықтады. Зардап шеккен тұрғындар республиканың әртүрлі өңірінде тұрған.  Күдіктінің әрекетінен келген шығын мөлшері анықталып жатыр.