• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2022

Маңғыстаудағы кеден бекетінде тауарларды жалған декларациялау дерегі анықталды

300 рет
көрсетілді

«Ақтау - кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде тауарларды жалған декларациялау дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, «Ақтау - кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде жеке кәсіпкер М. Иран Исламдық Республикасынан импортталған «Трикотаж мата» атауы бар тауарларға берген декларациясына бақылау жүргізу кезінде жалған декларациялау дерегі белгілі болған.

«Мәселен, кедендік әкелу баж салығы 5% болатын «Трикотаж мата» тауар кодының орнына нақты кедендік баж салығы 1 кг үшін 0,61 еуроны құрайтын «Жабынды» тауарының кодымен өткізілген. Контрабандалық тауарлардың кедендік құны 66,4 млн теңгені, келтірілген шығын көлемі 20,9 млн теңгені құрады», деп мәлімдеді ведомстводан.

Аталған оқиғаның материалдары Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.