• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Сәуір, 2022

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

183 рет
көрсетілді

Синоптиктер 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Республика аумағының басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, Қазақстанның оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды, дауыл соғады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ болып, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.  

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, орталығында, Алматы облысының шығысында жел 15-22 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.